Алматы облысында жер сілкінді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 08:56-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 108 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,1. MPV магнитудасы - 4.4. Жер сілкінісінің координаттары – 43,13° с.е. 78,23° ш.б. Тереңдігі - 15 км.
Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Жамбыл облысы Меркі ауылының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді.
Бұған дейін қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеген болатын.
Қаңтардың 22-нен 23-іне қараған түні алматылықтар қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған жер сілкінісін сезінді. Жерасты дүмпулері әлі тіркеліп жатыр.
25 ақпанда Алматы тұрғындары 3 балдық жер сілкінісін сезінді. Ал 4 наурызда Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді.