Алматы облысында жол ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол Алматы облысында көлік қозғалысы жанданғанын хабарлады. 

Ақтөбе
Фото: видеодан алынған скрин

— 2026 жылғы 9 ақпан сағат 02:30–да республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 59-43 шақырым аралығы (Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысы шекарасына дейін) жеңіл көлік түрлеріне қозғалыс ашылды, — делінген хабарламада.

Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Айта кетейік, «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының Қаншеңгел ауылынан Ақсай ауылына дейінгі аралықта барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Соңғы жаңалықтар