19:03, 26 Қараша 2024 | GMT +5
Алматы облысында жол бойында көкпар тартқандар жазаланды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынада көшеде көкпар тартқандар ұсталды.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен хабарлағандай,әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Еңбекшіқазақ ауданының жолдарында бір топ шабандоз жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі анықталды.
Құқық бұзушылар полиция бөліміне жеткізілді. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары әкімшілік жауапқа тартылды.
«Ат спорты ойындарын ұйымдастырушы Еңбекшіқазақ аудандық сотымен 7 тәулікке, ал төрт қатысушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, қалғандары айыппұл арқалады», — деп хабарлады ведомстводан.
Еске салайық, бүгін Алматыда автобус пен тепловоз соғылып, алты адам зардап шекті.