19:11, 12 Ақпан 2026 | GMT +5
Алматы облысында жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
- 2026 жылғы 12 ақпан сағат 19:30-да ауа райының нашарлауына байланысты «Астана - Қарағанды - Алматы» автожолының 2436-2295 шақырымы аралығында (Ақсай ауылы - Қаншеңгел ауылы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
- 12 ақпан сағат 19:30-да ауа райының нашарлауына байланысты «Астана - Қарағанды - Алматы» автожолының 2436-2295 шақырымы аралығында (Ақсай ауылы - Қаншеңгел ауылы) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Жолды 2026 жылғы 13 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бүгін таңертең елдегі қай жолдар жабық екенін жазған болатынбыз.