Алматы облысындағы мектепте 15 жастағы оқушы мерт болды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысының Қаскелен қаласында оқушы қайтыс болды.

Скорая помощь, Жедел жәрдем
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Әлеуметтік желіде Қаскелең қаласының Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке жедел жәрдем келіп, оқыс оқиға болғаны туралы ақпарат тарады. Жазбаға пікір білдірген адамдар оқушы қайтыс болғанын жазған.

Қарасай ауданының білім бөлімі бұл ақпаратты растады. Алдын ала мәлімет бойынша таңертең бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 15 жастағы 9 сынып оқушысының жағдайы күрт нашарлаған. Сондықтан мектеп әкімшілігі жедел жәрдем бригадасын шақырған.

— Жедел жәрдем бригадасы көрсеткен реанимациялық және медициналық көмектерге қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Бұл — отбасы, жақындары және бүкіл мектеп ұжымы үшін орны толмас ауыр қайғы. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша уәкілетті органдар тексеру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат ұсынылатын болады, — делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда үйден шығып кеткен зейнеткер әйел аязда үсік шалып, мерт болды.

Соңғы жаңалықтар