Алматы облысының экономикасы 6 трлн теңгеге дейін өсті

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысы экономикасының негізгі бағыттар бойынша тұрақты өсімі байқалады. Жалпы өңірлік өнім көлемі үш жылда 3,4 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге дейін өсіп, республика бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілді. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты.

Марат Сұлтанғазиев
Фото: ОКҚ

2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың республикадағы жалпы ішкі өнімдегі үлесі 4,4%-ға жетсе, биылғы бірінші жартыжылдықта 4,8%-ға жеткен.

– Ірі өнеркәсіптік облыстардан озып, шикізаттық емес экономикаға негізделген өсудің драйверіне айналдық. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7% болды. Барлық негізгі салаларда оң үрдіс жалғасып жатыр, – деді спикер.

Әсіресе өнеркәсіп саласы айрықша өсім көрсетіп, өндіріс көлемі 108,7%-ға артып, 2,1 трлн теңгеге жеткен. Жалпы өнеркәсіп өндірісінің 90 пайызы өңдеу секторының үлесіне тиесілі.

– Осылайша аграрлық бағытпен ғана шектелмей, инновациялық технологиялар мен өңдеу өндірісін дамытатын жетекші өңірге айналып отырмыз. Өңірлік өнімнің 3/1 бөлігі өнеркәсіп саласына тиесілі. Бұл сала – инвестиция тартудың негізгі көзі, — дейді облыс әкімі.

Айта кетейік, Алматы облысында құны 289 млрд теңге болатын металлургиялық зауыт салынып жатыр.

Соңғы жаңалықтар