Алматы облысының жолдарында жаңа «Сұңқар» камералары пайда болды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысының негізгі күре жолдарында 11 заманауи «Сұңқар» аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды.

"Сұңқар" видеокамералары
Фото: Алматы облыстық Полиция департаменті
Фото: Алматы қалалық Полиция департаменті

«Бұл жоғары технологиялық жүйелер Алматы-Көкпек-Көктал, Алматы-Шелек-Қорғас және Алматы-Өскемен трассаларында орнатылған. «Сұңқар» кешендері жол жағдайын тәулік бойы бақылауға арналған. Олар жылдамдық режимінен асып кетуді, жол қозғалысы ережелерін бұзуды және жүргізушілердің басқа да қауіпті әрекеттерін тіркейді. Енгізудің мақсаты - жол апаты санын азайту, көлік жүргізу мәдениетін арттыру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деп атап өтті облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркебұлан Ахметов.

Алынған мәліметтер бірыңғай базаға жолданады, онда олар өңделеді және жүргізушілерді жауапқа тартуға негіз болады.

Фото: Алматы облыстық Полиция департаменті

«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты басымдығымыз. «Сұңқар» сияқты технологиялар қозғалысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғай отырып, тиімді әрі жедел әрекет етуге көмектеседі», – деп толықтырды Еркебұлан Ахметов.

Осыған дейін Алматыда электр желілері жер астымен жүргізілетіні туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар