«Алматы-Өскемен» тасжолында көлік аударылып, екі адам қаза тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – «Алматы-Өскемен» тасжолының бойында жол-көлік оқиғасы болды. Toyota Estima жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылып қалды. 

«Алматы-Өскемен» тасжолында көлік аударылып, екі адам қаза тапты
Фото: видеодан алынған кадр

Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмған. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Қаза тапқандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Құрметті көлік жүргізушілері, сіздерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», - деп жазды полиция департаментінен. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысында ауыл әкімінің басы дауға қалғанын жазған едік. Сондай-ақ Жетісу облысында із-түзсіз жоғалған 3 жасар бала өлі күйінде табылды. 

Соңғы жаңалықтар