Алматы тауларында байкерлерге мылтық кезеп, қамшымен сабағандар ұсталды

ҚОНАЕВ.KAZINFORM – Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы облысының тауларында байкерлерге шабуыл жасаған үш күдікті ұстады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алматы
Фото: видеодан кадр

«Қылмыстық іс адамдар тобымен жасалған бұзақылық фактісі бойынша тергелуде. Мылтық тәркіленіп, сараптамалық тексеруге жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылға мотоцикл моторының жайлы жүрген малды үркіту себеп болған», - деп хабарлайды облыстық ПД.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының тауларында мотоциклшілерді бір топ адам мылтықпен қорқытып, қамшымен сабағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар