Алматыда тіркелген мопед саны 5 мыңнан асты

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда бір күнде 400-ден астам мопед тіркелді. 

мопед
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Кеше Алматыда 4 807 мопед тіркелген еді. Бүгін олардың саны 5 276 болды. Бір күнде мегаполисте 469 мопед мемлекеттік нөмер алды. Дегенмен, Алматы қаласының Полиция департаменті әлі де тіркелмеген көлік құралдарының иелеріне ескерту жасады. 

— Кампанияның аяқталуына 7 күн қалды. 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтер айып тұрағына қойылады, ал олардың иелері Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады департаменттен. 

Еске салайық, 20 қаңтар күні Алматыда алғашқы мопед тіркеліп, нөмір алғанын хабарлағанбыз. 

Сондай-ақ 5 сәуірден кейін мопедтерін тіркемегендерге қандай жауапкершілік көзделгенін жазған едік.  

Соңғы жаңалықтар