Алматы, Жезқазған, Атырау қалаларында ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Экология
Фото: Pixabay.com

— 2025 жылғы 19 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, кеше Шардарадағы экологиялық жағдайға байланысты тұрғындармен кездесу өтті.

Соңғы жаңалықтар