Алматы зообағында камерун ешкілері төлдеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы хайуанаттар бағы жаңа төлдермен толықты.

Алматы зообағында камерун ешкілері төлдеді
Фото: Алматы зообағы

Зообақ мәліметінше, камерун ешкілерінің жұбынан екі лақ дүниеге келді.

- Биыл камерун ешкілері бізді ерекше қуантты. Осы жылдың алғашқы күндерінде – 2 қаңтарда Наурыз бен Ханайым жұбында сүйкімді қос лақ дүниеге келді. Кішкентай еркек лаққа – Бим, ал ұрғашысына – Изюминка деген ат қойылды, - деп хабарлады зообақтан.

Алматы зообағында камерун ешкілері төлдеді
Фото: Алматы зообағы

Қазір лақтар қысқы жылыжайда орналасқан.

Күн жылынған соң олар көрсетілім алаңына шығарылады. Алматы хайуанаттар бағы бұл – камерун ешкілерінің екінші төлдеуі екенін атап өтті.

Еске салайық, биыл 15 қаңтардан бастап зообаққа кіру үшін ересектерге 1 427 теңге, балаларға 562 теңге болып өзгерді. Бұрын ересектерге билет құны 800 теңге, ал балалар 300 теңге болатын.

Соңғы жаңалықтар