Алматыда 1 аптада тағы 500 мопед тіркелді
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда мопедтерді тіркеу науқаны жүріп жатыр.

Бүгінге дейін қалада 2,5 мыңнан астам мопед тіркеліп, көлік құралының иелері тіркеу нөмірі мен техникалық төлқұжаттарды алды.
- 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға тыйым салынады. Тіркеуден өтпеген жүргізушілерге айыппұл салынып, көліктері айыппұл тұрағына қойылатын болады. Тіркелу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жеке куәлік пен мопедтің техникалық сипаттамасын ұсыну қажет. Өтінім берілгеннен кейін көлік құралы міндетті тексеруден өтеді. Сондай-ақ тіркеу үшін алынатын мемлекеттік бажды төлеу қажет, - деді Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының өкілі Айдын Меркімбаев.
Еске салайық, 20 қаңтар күні Алматыда алғашқы мопед тіркеліп, нөмір алғанын жазғанбыз.
Бір апта бұрын Алматы тіркелген мопед саны 2 мың болды.