Алматыда 4 наурыздан бастап Аvtobys төлем жүйесі іске қосылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы автобустарының бірқатар маршрутында ертеңнен бастап Avtobys жүйесі арқылы жолақы төлеуге болады. 

Алматыда 4 наурыздан бастап Аvtobys төлем жүйесі іске қосылады
Фото: Алматы әкімдігі

Жол қозғалысы және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, жаңа қызмет №51, 117, 219, 221, 228, 234 және 258 маршруттарында іске қосылады. Желіге Avtobys төлем құрылғыларымен жабдықталған 82 автобус шығарылады. 

Жолаушылар жолақыны QR-код, Bluetooth, көлік нөмірі, NFC немесе банк картасы арқылы Avtobys мобильді қосымшасы арқылы төлей алады. Төлем бірнеше секунд ішінде жасалып, бірден расталады. 

Қызметті пайдалану үшін App Store, Google Play немесе AppGallery дүкенінен Avtobys қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі бойынша тіркеліп, смарт-әмиян балансын толтыру қажет.

– Avtobys – Қазақстанның 20-дан астам қаласында жұмыс істейтін цифрлық төлем жүйесі. Алматыда жүйені енгізу қолма-қол ақшасыз төлем мүмкіндіктерін кеңейтіп, қалалық көлікті тұрғындар мен қонақтар үшін заманауи әрі ыңғайлы етеді, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы қоғамдық көліктерде бірыңғай жаңа төлем жүйесі енгізілетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум