Алматыда — 5 мың, Ұлытауда — 145: Мүгедектігі бар адамдарға қанша нысан бейімделген
АСТАНА. KAZINFORM — Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында жыл басынан бері Қазақстанда әлеуметтік инфрақұрылымның 27 683 нысаны толықтай бейімделді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазір Қазақстан Республикасында 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылып жатыр.
— «Аманат» партиясының Жол картасында 2023–2027 жылдар аралығында Қолжетімділіктің интерактивті картасына (бұдан әрі — Карта) енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу көзделген. Жыл сайын нысандардың 20%-ы бейімделіп отырады. Осылайша, 2023 жылы — Картадағы нысандардың 20%-ы, 2024 жылы — 40%, 2025 жылы — 60%, 2026 жылы — 80%, 2027 жылы — 100% бейімделуі тиіс. Жыл соңына дейін ел бойынша 34 320 нысанды бейімдеу жоспарланған, 2026 жылдың екі айында 27 683 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы санының 65%-ын құрайды, — делінген министрлік хабарламасында.
Аталған 27 683 нысанның ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаты үшін қолжетімділері:
- денсаулық сақтау нысандары — 4 570;
- білім беру нысандары — 9 083;
- мәдениет нысандары — 2 166;
- сауда және қызмет көрсету нысандары — 5 314;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар — 4012;
- өзге де нысандар — 2 538.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, өңірлер бойынша бейімделген нысандар саны:
- Астана қаласы — 810 нысан;
- Алматы қаласы — 5 780 нысан;
- Шымкент қаласы — 1 401 нысан;
- Абай облысы — 872 нысан;
- Ақмола облысы — 1 265 нысан;
- Ақтөбе облысы — 898 нысан;
- Алматы облысы — 1 055 нысан;
- Атырау облысы — 1 438 нысан;
- Шығыс Қазақстан облысы — 1 221 нысан;
- Жамбыл облысы — 1 084 нысан;
- Жетісу облысы — 954 нысан;
- Батыс Қазақстан облысы — 1 360 нысан;
- Қарағанды облысы — 1 281 нысан;
- Қостанай облысы — 1 367 нысан;
- Қызылорда облысы — 1 567 нысан;
- Маңғыстау облысы — 703 нысан;
- Павлодар облысы — 1 158 нысан;
- Солтүстік Қазақстан облысы — 1 038 нысан;
- Түркістан облысы — 2 286 нысан;
- Ұлытау облысы — 145 нысан.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар Көкшетау қаласының тұрғыны Рамазан Мұқатаевтың сөзінше, жалпы қала бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жақсарып, барлық мүмкіндік қарастырылуып жатыр.
— Нысан иелері оларды құрылыс нормаларына сәйкестендіруге тырысып жатыр. Көптеген кәсіпкер мен мемлекеттік органдар шағымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, кіру топтарын аяқтайды. Сауда орталықтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды, енді оларға мүгедектігі бар адамдар, әсіресе кресло-арбалармен қозғалатындар кедергісіз бара алады. Мысалы, біздің қаладағы «РИО» сауда орталығы. М. Ғабдуллин атындағы мұражайдың қолжетімділік деңгейіне және көшпелі көрмелерді ұйымдастыру мүмкіндіктеріне таң қалдым, — деді ол.
Осыған дейін жыл басынан бері мүгедектікті белгілеуге қатысты 9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралғаны мәлім болды.