Алматыда 7 балдан жоғары жер сілкінісі болу ықтималдығы төмен
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Биыл магнитудасы 5,5 асатын, сілкініс қарқыны эпицентрінде 7 балдан жоғары жер сілкінісі болу ықтималдығы төмен. Бұл туралы Сейсмология ғылыми-зерттеу орталығы мәлім етті.
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Елизавета Есенжігітованың айтуынша, сейсмолог мамандар, Алматы аймағында күшті жер сілкінісін болжаудың үш мерзімді болжам-байламын жасайды.
«Биыл жыл басында Алматы сейсмикалық қауіпті өңірі үшін 2024 жылға арналған орта мерзімді болжамы жасалды, болжам бойынша жыл барысында магнитудасы 5,5 асатын, сілкініс қарқындылығы эпицентрінде 7 баллдан жоғары жер сілкінісі болу ықтималдылығы төмен»,- деп жауап берді Елизавета Есенжігітова Кazinform тілшісінің сауалына.
Айта кетейік, бүгін саған 10- да Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді.
Сондай-ақ алматылықтарға жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама келген жоқ.