Алматыда 8 мың тоннадан астам көмір қоры бар

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыны көмірмен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда тұр. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Уголь Көмір
Фото: Kazinform

Басқарма мәліметіне сәйкес, Алматы қаласының көмір қоры Түрксіб ауданындағы көмір базаларының қоймаларында орналасқан. 2024 жылғы 3 қыркүйектегі жағдай бойынша көмір қоры - 8,6 мың тонна.

Қазіргі уақытта халық арасында көмірге деген қатты сұраныс жоқ. Көмірмен қамтамасыз ету мәселесі үнемі бақылауда тұр, - деп хабарлады Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасынан.

Алматыдағы көмір базаларының мекенжайлары:

1. Іле трактісі, 20. Шұбаркөл маркасы, бір тонна үшін құны - 18 800 теңге.
2. Бекмаханов көшесі, 88б. Қара-жыра маркасы, бір тонна үшін құны - 18 700-19 000 теңге.
3. Сүйінбай даңғылы, 495. Шұбаркөл маркасы, бір тонна үшін құны - 18 500-19 000 теңге.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда өндірілетін басты өнім туралы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар