Алматыда әл-Фараби бойындағы газ құбырын қайта жаңғырту келесі жазда басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі әл-Фараби даңғылындағы газ құбырының қайта жаңғыртуға қатысты ақпараттық хабарлама таратты. 

Дорога, транспорт, Алматы, Жол, көлік
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Алматы қаласы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі Ильзат Акчуриннің сөзінше, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Алматы өндірістік филиалы жер асты газ құбырын қайта жаңғыртуды жоспарлаған болатын. Жоба Луганский мен Армян көшелерінен бастап, әл-Фараби даңғылы бойымен Esentai Mall автотұрағына дейінгі аумақты, сондай-ақ әл-Фараби даңғылынан Меңдіқұлов бульварына дейінгі бөлікті қамтиды.

— Жұмыстарды жаз айында жүргізу көзделген еді. Алайда ұйымдастыру мәселелеріне байланысты олардың басталуы кешікті. Жаңа оқу жылының басталуын, жоспарланған учаскелерде мектептер мен балабақшалардың көп шоғырланғанын және әл-Фараби даңғылындағы көлік қозғалысының күрделілігін ескере отырып, қала әкімінің тапсырмасымен аталған жұмыстар уақытша тоқтатылды. Сонымен бірге айта кету керек, орта қысымды жер асты газ құбыры 1974 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда ол міндетті түрде қайта жаңғыртуды қажет етеді. Реконструкция келесі жылы, негізгі көлік қозғалысы азаятын жаз айларында басталатын болады, — деп түсіндірді Акчурин.

Бұдан бұрын Алматыда күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін үш медициналық мекемеге іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар