Алматыда Алғыс айту күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар 25 ақпанда басталады.

Алғыс айту күні қандай мереке
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Мереке аясында мәдени-әлеуметтік іс-шаралар өтеді:

— 25 ақпан — Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының концерті өтеді.

— 28 ақпан — қарттар үйінде қайырымдылық түскі ас беріледі.

— 1 наурыз — Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің қолөнер көрмесі өтеді. Неміс үйінде «Әртүрлі шығу тегі — тең мүмкіндіктер» отбасылық қонақ бөлмесі, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмек көрсетуге арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.

— 2 наурыз — Медеу ауданының Комьюнити орталығында флешмоб өтеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі Ершат Асматовтың айтуынша, «Қазақстанда Алғыс айту күні — елімізде өмір сүретін барлық халықтардың құрметі мен бірлігінің символы.

— Мерекенің басты идеясы — Қазақстандағы халықтар достығын, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту. Қазақстан халқы Ассамблеясы оны ұйымдастыруда негізгі рөл атқарады және қоғамның бірлігін арттыруға бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асырады. Бұл күн әртүрлі этнос өкілдерінің қиын кезеңдерді еске алып, қазақ халқына қонақжайлығы мен қамқорлығы үшін алғыс айтатын уақыты. Бұл тарихи жадымызды сақтауға, өзара құрмет пен қоғамдағы бірлікті нығайтуға көмектеседі, — деп атап өтті Асматов.

1 наурыз — Алғыс айту күні. Елімізде бұл күн 2016 жылы 14 қаңтарда мереке ретінде жарияланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар