Алматыдағы Атакент көрме орталығынан өрт шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Атакент аумағында орналасқан дәмхана өртеніп жатыр. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бригадасы Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі 42 мекенжайы бойынша шақыртуға шықты. 

Алматыда Атакент көрме орталығынан өрт шықты
Фото: видеодан алынған скрин

«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі келген кезде дәмхана ашық жалынмен жанып жатты. Газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жүргізді. Өрт сөндірудің үш учаскесі құрылды, өрт оқпандары іске қосылды, автоцистерналар батыс және шығыс жағынан гидранттарға орнатылды. Өзге ғимараттарға таралу қаупі жоқ», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Өрт орнынан 3 газ баллон эвакуацияланды. Қызыл жалын 30 минутта оқшауланды. 

Соңғы жаңалықтар