Алматыда автобустың терезесін сындырған күдікті ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы облысында жол үстінде жанжал шығарғандар ұсталды.

автобус, остановка
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан қала мен облыс арасында қатынайтын № 239 автобус жүргізушісімен ер адамның ерегісіп, қоғамдық көлік терезесін сындырғанын көруге болады.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 15 қаңтарда болған бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

— Белгісіз ер адам автобустың әйнегін қасақана сындырғаны анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері үш күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайларын толық және объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы бесеуі зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар