Алматыда Ақсай бөгетінің маңында топырақ опырылып түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы облысының Қарасай ауданында «Ақсай» бөгетіне таяу жерде 3,5 текше метр топырақ опырылып түсті. 

жер опырылды
Фото: ТЖМ

«Аталған жерде су құбыры жарылғаны анықталды. Қазір «Қазселденқорғау» және су арнасының күштерімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады ТЖМ.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін Алматы облысында тау бөктерінен жеке тұрғын үйдің аумағына лай көшкіні түскен болатын.

Жалпы, Алматының таулы аймақтарында көшкін қаупін тудыратын 145 учаске бар.

Соңғы жаңалықтар