Алматыда «Батыр» президенттік полкінің сарбаздары ант қабылдады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің әскери бөлімдерінде әскери ант қабылдау рәсімі болды.

Алматыда «Батыр» президенттік полкінің сарбаздары ант қабылдады
Фото: Александр Павский/Kazinform

Алматының 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында «Батыр» президенттік полкіне қабылданған күзгі шақырылым бойынша мерзімді әскери қызмет сарбаздары ант қабылдады. Салтанатты рәсімге жас сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты.

Алматыда «Батыр» президенттік полкінің сарбаздары ант қабылдады
Фото: Александр Павский/Kazinform

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарына қосылған сарбаздар еліміздің барлық аймақтары мен республикалық маңызы бар қалаларынан іріктеліп алынған.

Алматыда «Батыр» президенттік полкінің сарбаздары ант қабылдады
Фото: Александр Павский/Kazinform
Алматыда «Батыр» президенттік полкінің сарбаздары ант қабылдады
Фото: Александр Павский/Kazinform

Олар әскери бөлімдердің далалық оқу орталықтарында жаңа шақырылым сарбаздарын дайындау курсынан өтті.

Алматыда «Батыр» президенттік полкінің сарбаздары ант қабылдады
Фото: Александр Павский/Kazinform

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштер Штабы бастығының орынбасары Медет Елемесов бүгін Алматыда 100-ге жуық сарбаз ант қабылдағанын айтты.

Алматыда «Батыр» президенттік полкінің сарбаздары ант қабылдады
Фото: Александр Павский/Kazinform

— Жас сарбаздар тәжірибелі нұсқаушылық құрамның жетекшілігімен оқу курстарынан өтіп, тәлім-тәрбие алды. Бүгін Отан алдында әскери ант берді. Енді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін күзету, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін протоколдық іс-шараларға қатысу, күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді міндеттерді атқаруға кіріседі, — деді ол.

Алматыда «Батыр» президенттік полкінің сарбаздары ант қабылдады
Фото: Александр Павский/Kazinform

Медет Елемісовтің айтуынша, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қатарына мерзімді әскери қызметші ретінде еліміздің 18 бен 27 жас аралығындағы, бойы 180 сантиметрден жоғары, білімі орта және одан жоғары, денсаулығы жақсы кез келген азамат қабылдана алады. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разрядтары бар үміткерлерге басымдық беріледі.

Сондай-ақ ол ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің мерзімді қызмет сарбаздары үшін әлеуметтік қолдау бойынша Қазақстан Республикасында белгіленген барлық жеңілдіктері қолданылатынын атап өтті.

Алматыда «Батыр» президенттік полкінің сарбаздары ант қабылдады
Фото: Александр Павский/Kazinform
Алматыда «Батыр» президенттік полкінің сарбаздары ант қабылдады
Фото: Александр Павский/Kazinform

— Мен Алматы облысынан шақырылдым. Біз бұған дейін терең медициналық, психологиялық тексерістен өтіп, комиссия шешімен «Батыр» президенттік полкіне қабылдандық. Осында мерзімді әскери міндетімді өтеп жатырмын. Бүгін ерекше күн, себебі қарулас бауырларымызбен бірге әскери ант қабылдадық. Бұл — ерекше сезім. Мерзімді әскери міндетімді өтеген соң, мен келісімшартпен әскери қызметте қалғым келеді, — деді 0111 әскери бөлімінің сарбазы Ақжол Аблахатов.

Алматыда «Батыр» президенттік полкінің сарбаздары ант қабылдады
Фото: Александр Павский/Kazinform
Алматыда «Батыр» президенттік полкінің сарбаздары ант қабылдады
Фото: Александр Павский/Kazinform

Еске салайық, Астанада 200-ден аса сарбаз Отанға адал болуға ант берді.

Соңғы жаңалықтар