Алматыда екі балдық жер сілкінісі болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісін тіркеді. 

жер сілкінісі
Фото: pexels.com

Қазақстан аумағында сезілген жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 13:13-те болды. Зілзала ошағы – Алматының оңтүстік-шығысына қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

АФТЕРШОК. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілген.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. 

Бұған дейін сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы биыл Қазақстан аумағында жойқын жер сілкінісі болмайтынын жеткізген еді.