Алматыда еліміздегі алғашқы крематорий ашылды: қызмет бағасы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының Алатау ауданында еліміздегі алғашқы крематорийдің ресми ашылуы өтті.

Алматыда еліміздегі алғашқы крематорий ашылды: қызмет бағасы қандай
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Биыл нысанды теңгеріміне алған Қалалық патологоанатомиялық бюро іс-шараны ұйымдастырды. Бағдарлама аясында крематорий бөлімшесінің құрылымдары таныстырылды. 

Алматыда еліміздегі алғашқы крематорий ашылды: қызмет бағасы қандай
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Алматыда еліміздегі алғашқы крематорий ашылды: қызмет бағасы қандай
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Қалалық патологоанатомиялық бюро директоры Ардақ Алишевтің айтуынша, мәйіт көлікпен нысанның арнайы есігіне әкелінеді. Ол жақтан медициналық арба арқылы алынып, дене мұздатқыш залға орналастырылады. 

— Мұнда 12 мұздатқыш камера бар, біреуінде 4 орын. Жалпы 48 орын бар. Мәйіт туыстарының қалауына қарай 1 апта не 1 айға дейін сақталады. Төмен температура мәйіттің ыдырауына жол бермейді, — деді ол.

Алматыда еліміздегі алғашқы крематорий ашылды: қызмет бағасы қандай
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Алматыда еліміздегі алғашқы крематорий ашылды: қызмет бағасы қандай
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Кремация уақыты жақындағанда мәйіт секциялық залға жеткізіледі. Мұнда санитарлық дайындық жүргізіледі. Яғни, дене жуылады, оған киім киіледі және қажет жағдайда грим жағылады. Ардақ Алишев мәйітте металл имплант болған жағдайда ота жасалып, темірдің алынатынын атап өтті. Айтуынша, пештің ерекшелігіне қарай оған металл түссе, жабдық жарылуы мүмкін.

— Дайындық жұмыстары аяқталған соң, қоштасу залында табытқа салынған мәйіт әкелінеді. Мұнда туыстары қайтыс болған адаммен қоштасып, қажет болған жағдайда ритуалдық қызметтер жасалады. Әрі қарай мәйіт кремация залында өртеледі. Туыстары кремация барысын арнайы бөлмеден бақылай алады, — деді патологоанатомиялық бюро директоры.

Алматыда еліміздегі алғашқы крематорий ашылды: қызмет бағасы қандай
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Алматыда еліміздегі алғашқы крематорий ашылды: қызмет бағасы қандай
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Кремация құны қанша

Кремация залында Чехиядан алынған екі пеш қойылған. Олар 800-1000 градуста жұмыс істейді. Мәйітті жағу үшін пеш 35 сағат бұрын қосылып, іші қыздырылады. Содан кейін кремация жасалады да, күл арнайы құтыға салынады.

— Әр адаммен жеке келісім жасалады. Соған байланысты кремациядан кейін марқұмның туыстары күлді алып кетіп, жерлей алады немесе бізде уақытша сақтай алады. Біздің заң бойынша күлді далаға шашуға болмайды. Тек сақтау не жерлеу рұқсат етілген. Жалпы кремация құны — 240 мың болып белгіленді, — деді Ардақ Алишев.

Алматыда еліміздегі алғашқы крематорий ашылды: қызмет бағасы қандай
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Сонымен қатар ол нысанда адам мәйітінен басқа жануарлардың денесі не қатты қалдықтар өртенбейтінін атап өтті. Айтуынша, тірі кезінде өзін өртеуге рұқсат берген адамдар ғана қабылданады. Бірақ ол аталған сұрақ заңдық тұрғыда әлі де қарастырылатынын айтты.

Алматыда еліміздегі алғашқы крематорий ашылды: қызмет бағасы қандай
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Крематорий 1-3 мамыр күндердегі демалыстан кейін дүйсенбі күні жұмыс істей бастайды.

Алматыда еліміздегі алғашқы крематорий ашылды: қызмет бағасы қандай
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Алматыда еліміздегі алғашқы крематорий ашылды: қызмет бағасы қандай
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Еске салайық, Алматы әкімдігі 2020 жылы крематорийдің жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға тендер жариялады.

Ғимараттың құрылысы 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталса да, 2022-2023 жылдардың аралығында нысанның ашылуы қайта-қайта шегерілді.

2024 жылы Алматы әкімдігі крематорий құрылысын жүргізген мердігерді сотқа беріп, одан 2,7 млн теңге қайтарып алды

2024-2025 жылдардың аралығында крематорийді қарауына алатын ведомствоның анықталмауынан ғимарат тағы да іске қосылмады.

Кейін нысанды қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Қалалық патологоанатомиялық бюросы қабылдап, 2026 жылы ашылатыны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар