Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаев таңдауын жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы № 112 референдум учаскесінде Халық қаһарманы, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев дауыс берді.

референдум
Фото: Досбол Атажан/Kazinform

— Мен үшін бүгін қуанышты күн. Өз құқығымды пайдаланып, ел мен Отанға шексіз қызметімді білдіріп дауыс бердім. Алдағы уақытта қазіргідей елімізде қуаныш, жақсылық, халықта ауызбіршілік болады деп сенемін. Себебі біз осындай референдумда пікірімізді білдіріп отырмыз. Бұл еліміздегі демократияны көрсетеді. Отанымызда осындай құқық бар екеніне қуаныштымыз, — деді Сәт Тоқпақбаев.

а
Фото: Досбол Атажан/Kazinform

Айта кеткен жөн, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы, Республикалық гвардияның қолбасшысы, Қорғаныс министрі, Тұңғыш Президенттің кеңесшісі және Парламент депутаты қызметтерін абыроймен атқарды.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілгенін жазғанбыз. 

Сәт Тоқпақбаев биыл 85 жасқа толды.  

Соңғы жаңалықтар