Алматыда «Ислам руханияты» көрмесі ашылды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде барша мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айт мерекесіне орай, «Ислам руханияты» көрмесі ашылды.

Ислам рухаияты
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Онда алғаш рет сирек кездесетін Құран қолжазбалары мен басқа да құнды діни басылымдар ұсынылған, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Ислам руханияты
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көрме төрінен орын алып отырған экспонаттарды мазмұндық ерекшеліктеріне қарай Құрандар, тәпсірлер, мұхаммадия және мұхтасар кітаптар, діни мазмұнды әртүрлі литографиялық баспа кітаптар деп бірнеше топқа бөлуге болады.

Ислам руханияты
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көрермен назарына алғаш рет ұсынылып отырған бірегей құнды қолжазба – бұрама қағаз түрінде жасалған пайғамбарлар шежіресі (ұзындығы – 4 м, 45 см., ені – 25 см.). Шежіреде Адам Атадан бастап Мұхаммедті қоса алғанда 25 пайғамбар әулетінің, төрт әділ халифаның және ортағасырдағы сопылық ағымның ұстазы Жәлаладдин Румидің шежіресі қамтылған.

Ислам руханияты
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сондай-ақ көрмеде орама қағаз түрінде жасалған 1643 жылдары жарық көрген ерекше қолжазба Құран нұсқасымен (ұзындығы – 9 м, 50 см., ені – 2,5 см.) танысуға болады. Құранда 114 сүре мәтіні өте ұсақ әріптермен бөлек-бөлек жазылған.

көрме
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұдан басқа шығыстың көне қалалары Ыстанбұл, Бомбей, Мысыр баспаханаларында, Ресейдің Петербор, Қазан сияқты ірі орталықтары мен Омбы, Орынбор, Ташкент, Самарқанд шаһарларында басылып шыққан Құран кітаптар мен әртүрлі діни мазмұнды басылымдар құнды мұра ретінде аталмыш көрмеден орын алды.

Ислам руханияты
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Адам атадан ХІХ ғасырға дейінгі кезеңдерді қамтитын қысқаша тарихи шолу басылымы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев кітапханасынан келіп түскен «Мухаммадия» кітабы, Мұхамеджан Сералин жазған «Қожалар шежіресі» көрменің экспозициялық мәнін аша түспек.

Ислам руханияты
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Салтанатты ашылуға белгілі теолог Халифа Алтайдың ұлы Әбдірахым Алтай, шығыстанушы-тарихшы Өмір Оразұлы, Дінтану орталығының басшысы Алмасбек Шағырбай және дінтанушы Жүзей Аманқұлұлы қатысты.

Көрме 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Ислам руханияты
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

 

 

Соңғы жаңалықтар