Алматыда IT-экожүйені дамытуға қанша инвестиция тартылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда соңғы екі жылда IT-экожүйені дамытуға 19,2 млн АҚШ доллары (9,9 млрд теңге) инвестиция тартылды.

Алматыда IT-экожүйені дамытуға қанша инвестиция тартылды
Фото: Алматы әкімдігі

Қалалық цифрландыру басқармасының мәліметінше, Алматыда 2022–2024 жылдарға арналған «Алматы IT-экожүйесін дамыту» үш жылдық жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Жоба смарт-қалалар, жасанды интеллект, үлкен деректер және тұрақты даму сияқты негізгі бағыттарда IT-экожүйені дамытуға және стартаптарды қолдауға бағытталған.

MOST іс-шараларына 7 мыңнан астам адам қатысты. Тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 19,2 млн АҚШ доллары, ал стартаптардың жиынтық табысы 5,37 млрд теңгеге жетті. Жоба аясында 2 049 жұмыс орны ашылды.

Жоба аясында 1 189 IT-маман мен 101 кәсіпкер оқытылды.

Сонымен қатар, «Digital Urban Planner, Smart City Engineer» бағдарламасы бойынша 55 маман даярланды.

Осыған дейін алматылықтардың орташа айлық жалақысы 6,1 пайыз өсті

Соңғы жаңалықтар