Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровты өлтіріп кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров кісі қолынан мерт болды.

Погиб бывший замакима Алматы Ержан Бабакумаров
Фото: Kazinform

Агенттік дереккөзі мәліметіне қарағанда, қайғылы оқиға 30 қазан күні түнде орын алған. Сол түні Ержан Бабақұмаров таныстарының ортасында болған. Таныстар арасында кикілжің туып, арты төбелеске ұласқан. Сол кезде жарақат алған экс-шенеунік мерт болған.

Kazinform дереккөзінің нақтылауынша, күдікті ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды.

Агенттік редакциясы оқиғаны жіті назарында ұстайды.

Қайғылы оқиғаны Астана қалалық полициясы да растап, кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

- Бұрыннан таныстар арасында келіспеушілік орын алып, төбелеске ұласқан. Соның салдарынан жарақат алған 56 жастағы ер адам қаза болды. Күдікті ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр, - деді департаметтен.

Осыған дейін Павлодарда ауыр қылмыс жасаған екі ер адам сотталғаны туралы жаздық.

 

 

Соңғы жаңалықтар