Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда мегаполистің 2040 жылға дейінгі дамуын айқындайтын құжат — қаланың Бас жоспарын түзету жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар басталды. 

Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС бас директоры Асхат Сәдуов қала құжатына енгізілетін өзгерістер туралы айтты.

Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

— Біз мектепке дейінгі мекемелердің негізгі бөлігі қаланың орталық бөлігінде шоғырланғанын көріп отырмыз. Осыған ұқсас жағдай мектептерге, сондай-ақ қоғамдық тамақтану нысандарына да қатысты. Бұл қаланың бүгінде орталыққа қатты тәуелді, моноорталықты қала ретінде қалыптасқанын білдіреді, — деді Асхат Сәдуов.

Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Оның айтуынша, сауда нысандары, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінің көпшілігі қала орталығында жинақталған. Сондықтан жаңа жоспар бойынша тұрғындар негізгі қызметтерді 15 минуттық жерден ала алатындай қала полиорталықтарды дамытуға көшеді.

Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

— Қаланың орталық бөлігіне түсетін күшті азайту үшін дамудың полиорталықты моделі қабылданды. Бұл дегеніміз — қазіргі жалпықалалық орталықтан бөлек, жаңа 4 орталық құрамыз, — деді ол.

Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Еске салайық, Бас жоспарды қайта қарауға Мемлекет басшысының тау бөктері аймағында құрылыс салуға тыйым салу жөніндегі тапсырмасы себеп болды. Жаңартылған жобада Талғар тас жолынан, Шығыс айналма автожолынан, Әл-Фараби даңғылынан, Саин және Жандосов көшелерінен оңтүстікке қарай жаңа көппәтерлі тұрғын үй салуға, сондай-ақ еңісі 15 градустан асатын беткейлерде құрылыс жүргізуге тыйым салу нормасы бекітілген. Бұл шаралар тау бөктерін қорғауға бағытталған.

Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Одан бөлек құжатта тұрғын үй құрылысының көлемін қайта бөлу, әлеуметтік инфрақұрылымды — мектептерді, балабақшаларды, медициналық және мәдени мекемелерді дамыту, сондай-ақ 2040 жылға қарай халық санының 3,6 млн адамға дейін өсуі болжамын ескере отырып, жаңа қоғамдық кеңістіктер қалыптастыру көзделген.

Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Қоғамдық талқылаулар 26 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бұған дейін Үкімет Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын 2023 жылы бекіткен болатын.

Соңғы жаңалықтар