Алматыда кәмелетке толмағандарға қатысты күдікке ілінген азамат өзіне қол салмақ болған
АЛМАТЫ.KAZINFORM — Алматыда жыныстық азғындық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды.
Алматы қаласының Алатау аудандық полициясына жергілікті тұрғындардан алаңдатарлық хабарлама түскен. Олардың айтуынша, аса таныс емес ер адам қыздарына тиіскен.
Ер адамды «Буран-127» патрульдік экипажы ұстады. Сол кезде күдіктіге медициналық көмек қажет болды.
Себебі ер адам қылмыс жасағаннан кейін адам өзіне қол жұмсауға әрекет жасап, дене жарақатын салған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.
— Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, Алматы полициясы смарт-көзілдіріктің көмегімен іздеуде жүрген адамды анықтаған еді.