Алматыда «Қайрат» матчына байланысты метро жұмысы ұзартылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бүгін сағат 21:45–те УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында Орталық стадионда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын өтеді.

метро Алматы
Фото: metroalmaty.kz

Қала әкімдігінің мәліметінше, метроның жұмысы түнгі сағат 01:00–ге дейін ұзартылады.

— «Байқоңыр» және «М.Әуезов атындағы театр» бекеттерінде матч өткізу кезінде жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау және сапалы қызмет көрсету үшін қызметкерлер саны күшейтіледі, — деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын аяқталған соң жанкүйерлердің үйлеріне жайлы жетуі үшін 60 автобус ұйымдастырылады.

Олар Абай, Сәтбаев және Байтұрсынұлы көшелерімен қозғалып, 6 бағытта қатынайды:

* Орталық стадион — «Алматы Арена» — батыс бағыты;

* Орталық стадион — Райымбек/Алатау — батыс бағыты;

* Орталық стадион — Алматы-1 теміржол вокзалы;

* Орталық стадион — «Орбита» шағын ауданы;

* Орталық стадион — «Жұлдыз» шағын ауданы — шығыс бағыты;

* Орталық стадион — Әуежай — шығыс бағыты.

Ойын кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылады.

Кеше «Реал Мадрид» Орталық стадионда жаттығу өткізді.

Соңғы жаңалықтар