Алматыда келесі жылы 13,2 мың нысан сейсмикалық қауіпсіздікке тексеріледі

сейсмика құрылыс
Photo: images1.ynet.co.il.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алматыда биік ғимараттар құрылысының сейсмикалық қауіпсіздігі қалай бақыланатынын айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Алматыда сейсмика тақырыбы – маңызды мәселелердің бірі. 2017-2018 жылдары бірінші сейсмокарта жасалды және технологиялық ақаулар мен аймақтарға байланысты 10 балл болжанатын жаңа учаскелер анықталды. Сондықтан бізде мұндай аймақтардағы құрылыс заң бойынша қатаң шектелген және ҚазҚСҒЗИ-дан арнайы техникалық шарттар алу қажет. Сонымен қатар депутаттар осы нормаларды күшейту бойынша бізді қолдады. 2016 жылдан кейін заңнаманы ырықтандыру шеңберінде тапсырыс беруші, құрылыс салушы мен авторлық техникалық қадағалаушылар объектілерді өздері қабылдайтындай етіп жасалды. Ұсынылған жаңа заңнамада қала құрылысын бақылау басқармасы да қатысады және күрделі техникалық объектілер бойынша ҚазҚСҒЗИ қосылады, ол мұның бәрі дұрыс салынғанын растайды», - деді Е. Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде.

Сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту үшін биылғы қазан айында қаланың 16,7 мың ғимаратына сейсмикалық аудит басталды.

2023 жылы 3,5 мың объектіге аудит жасалады, қалған 13,2 мың объектіні 2024 жылдың соңына дейін тексеру жоспарланған.

«Осыдан кейін қажетті шараларды қабылдай бастаймыз. Ең бастысы – барлық технологиялық ақауларда тұрғын үйсіз қоғамдық кеңістіктер жасауға тырысамыз. Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарында бұл нормалар көзделген. Біз бұл бойынша қатаң шектеулер қойдық және ғимарат қабатын айтарлықтай төмендеттік. ҚазҚСҒЗИ талаптары бойынша 10 балдық аймақта арнайы техникалық шарттарды алып, 6 қабатқа дейін ғана салуға болады. Ақаулар аймағында да дәл солай. Сондықтан біз бұл нормаларды егжей-тегжейлі жоспарлауды түзету кезінде ескердік. Көптеген құрылыс салушылар, құрылыс компаниялары өз жобаларын өзгертіп, қабат санын айтарлықтай төмендетуде. Себебі бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Біз Алматы үшін сейсмикалық қауіпсіздіктің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Ерекше мәртебе және басқа да заңдар туралы заңда бұл норма Алматы үшін арнайы енгізіледі», - деп түсіндірді әкім.

Сондай-ақ Ерболат Досаев бұл тұрғын үй бағасына әсер етуі мүмкін екенін, бірақ аса көп мөлшерде еместігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар