Алматыда кезекті заңсыз нысан бұзылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда заңсыз салынған көлік жуу орны бұзылып жатыр.  

Алматыда кезекті заңсыз нысан бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, сот шешімімен Жұмабаев көшесі, 12 мекенжайында орналасқан өз-өзіне қызмет көрсететін көлік жуу нысанын бұзу жұмыстары басталды.

Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жеке тұлғаға тиесілі екені және тиісті құжатсыз салынғаны анықталған.

— Тексеру нәтижесінде нысан иесіне әкімшілік шара қолданылып, ғимаратты сүру туралы нұсқама берілді. Қазіргі уақытта нұсқама талаптарына сәйкес, меншік иесі нысанды өз күшімен бұзып жатыр, — деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, бұған дейін Алматының «Таугүл-3» шағын ауданы, Бекет Ата көшесі, 46 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимарат сот шешімі бойынша бұзылды.

Соңғы жаңалықтар