Алматыда көлік жанармай бекетіне соқтығысты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жол апаты болып, көлік жанармай құю бекетіне соқтығысты.

Автозаправка жанармай бекеті бензин
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 3 маусым күні сағат 03:40–та Алатау ауданында болды.

— Lexus маркалы көліктің жүргізушісі Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатып, қатар ауыстыру кезінде сол бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысты. Соның салдарынан көлік жанармай құю бекетіне соғылды, — делінген хабарлады ведомстводан.

Салдарынан Мерседес жүргізушісі мен жолаушысы дене жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.

— Қазір аталған жол апатына қатысты тергеу жұмыстарын Алатау аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр, — деп хабарлады департаменттен.

Осыған дейін Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанға соғылғаны туралы жазғанбыз. 

Кейін жол апаты кезінде зардап шеккен 1 жолаушының аяғына ампутация жасалғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар