16:56, 19 Қараша 2025 | GMT +5
Алматыда коммуналдық қызметтерді рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда тұрғын үйдің жаңа иелері үшін коммуналдық қызметтерді ресімдеу процесі оңайлатылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Енді азаматтарға кезекте тұрудың қажеті жоқ, барлық операция ialma.kz порталы арқылы онлайн форматта қолжетімді.
Ведомство мәліметінше, егер түбіртектер бұрынғы меншік иесінің атына келсе, цифрлық сервис арқылы бірнеше әрекетті орындауға болады. Атап айтқанда:
- түбіртектегі деректерді жаңарту;
- қызметті жаңа меншік иесінің атына рәсімдеу;
- тіркелген тұрғындар санын өзгерту.
Онлайн рәсімдеу тәртібі:
- Порталға тіркеліп, телефон нөмірін растау қажет.
- Жеке кабинетке тұрғын үйді қосып, жеке есепшот пен меншік құқығын көрсету керек.
- Қажетті қызмет түрін таңдау.
- Құжаттарды тіркей отырып, онлайн өтінім жіберу.
- Өтінімнің мәртебесін бақылап, SMS-құлақтандыруды алу.
ialma.kz порталында сумен жабдықтау, жылу және электрмен қамтамасыз ету бойынша 60-тан астам қызмет ұсынылады.
Айта кетейік, Алматының Алатау ауданында жарықтың өшуіне себеп болған компанияға айыппұл салынады.