Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде Алматыдағы тұрғын үй кешенінің өртеніп жатқан бейнежазбасы тарады. 

өрт
Фото әлеуметтік желіден

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «Алтын Бұлақ — 2» тұрғын үй кешенінен өрт шыққан.

Оқиға орнында өрт сөндіру бригадалары жұмыс істеп жатыр.

«Алмалы ауданында бес блоктан тұратын «Алтын Бұлақ-2» тұрғын үй кешенінде (Брусиловский көшесі, 167) пәтер өртенгені туралы хабар түсті. 18 қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден түтін шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Жалын шарпыған аумақ — шамамен 25 шаршы метр», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар