Алматыда құны 5,9 млрд теңге жер мемлекет меншігіне қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы прокуратурасының көмегімен 71,9 га жер мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының прокуратурасы құрылтайшысы шетелдік компания болып табылатын заңды тұлғаның заңсыз иелігіндегі 72 гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтаруға септігін тигізді.

— Тексеріс нәтижесінде қаланың элиталық бөлігінде орналасқан учаскелер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылғаны анықталды. Себебі шетелдік субъектілер Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы жерлеріне иелік ете алмайды. 2025 жылғы 16 шілдеде прокуратураның талап-арызы бойынша қаланың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жерді мемлекетке қайтару туралы талаптарды қанағаттандырды. Осылайша, құны 5,9 млрд теңге жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Алматыда 34 жер телімі мәжбүрлі түрде мемлекет меншігіне алынатыны анықталды.

Соңғы жаңалықтар