Алматыда курьерлердің митингіге шыққаны туралы ақпарат жалған

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде Алматыда мопед арқылы жеткізу қызметімен айналысатын азаматтар шеруге шыққаны туралы ақпарат тарады. 

Алматыда курьерлердің митингіге шыққаны туралы ақпарат жалған
Фото: видеодан алынған скрин

Әлеуметтік желідегі бірнеше парақшада курьерлердің жиналып, шеруге шыққаны хабарланды. Бейнежазбадағы ақпаратта жеткізу қызметімен айналысатын адамдардың жиналуына оларға арналған кәсіби мерекенің болмауы себеп болғаны айтылған. Алайда қалалық Полиция депаратменті аталған фактіні жоққа шығарып, бұл фильм түсірілімі екенін мәлімдеді. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба түсірілім алаңында жасалғанын жауапты кинокомпания да растады. 

– Кадрлар 6 тамыз күні кешке «SHEKER. Последний шанс» толықметражды киносының түсірілім алаңында куәгерлермен жасалған. Жобаны Sәlem Entertainment медиакомпаниясы Epicentrum кинокомпаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Жалпы түсірілім процессі толығымен аяқталды, кино күзде жарыққа шығады, - деп хабарлады Sәlem Entertainment медиакомпаниясының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бұған дейін Яндекс жүргізушілерінің, курьерлердің еңбек құқығы қалай қорғалатыны туралы жазғанбыз. 

Сондай-ақ Алматыда заңсыз курьер болып жүрген бір топ шетелдік еліне қайтарылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар