Алматыда магнолия ағаштарының гүлдеу маусымы басталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Бас ботаникалық бағында магнолиялардың гүлдеу маусымы басталып кетті. 

Алматыда магнолия ағаштарының гүлдеу маусымы басталды
Фото: Алматы ботаникалық бағы

Ерекше кадрлармен мегаполистің ботаникалық бағы әлеуметтік желіде бөлісті. Онда ағаш бұталарының күлгін не ақ түсте гүлдеп, айналаға көрік беріп тұрғанын көруге болады.

Алматыда магнолия ағаштарының гүлдеу маусымы басталды
Фото: Алматы ботаникалық бағы

— Олардың ірі әрі нәзік гүлдері көктемде жаңарып келе жатқан жасыл желектің аясында ерекше әсем көрініп, нағыз көктемгі ертегі атмосферасын сыйлайды. Бұл кезең ұзаққа созылмайды. Сондықтан дәл қазір магнолиялардың сұлулығынан ләззат алуға тамаша мүмкіндік бар, — деп жазды бақ баспасөз қызметі.

Алматыда магнолия ағаштарының гүлдеу маусымы басталды
Фото: Алматы ботаникалық бағы

Еске салайық, Алматының ботаникалық бағы 1 сәуірден бастап жаңа жұмыс кестесіне ауысты. Енді мекеме қала тұрғындары мен қонақтарын таңғы сағат 9:00–ден 20:00–ге дейін қабылдайды.

Сондай-ақ 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ботаникалық бақтың кіру билеттерінің бағасы өскен болатын.

Соңғы жаңалықтар