Алматыда «Медеу» спорт кешенінің автотұрағы жыл соңына дейін жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жобасын іске асыру аясында биылғы жылдың 16 маусымынан желтоқсан айына дейін кешенге жақын орналасқан автотұраққа кіру уақытша шектеледі.

Медеу
Фото: parkmedeu.kz

Алматының құрылыс басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шектеу құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне және нысан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты енгізіліп отыр.

— Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Конституциялық сот «Шымбұлақ» шатқалына көлік құралдарының кіруіне шектеуді конституциялық емес деп танығанын хабарлағанбыз.