18:55, 31 Шілде 2024 | GMT +5
Алматыда мейрамхана өртенді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Бостандық ауданында орналасқан «Мимино» мейрамханасы отқа оранды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта келді.

«31 шілде 17:16-де Алматы қаласының ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданы, Орбита шағын ауданына жоғары дабыл бойынша жіберілді. Құтқарушылар оқиға орнына 5 минутта жетіп, мейрамханаға жапсарлас салынған мангал орналасқан үй-жайдың 42 шаршы метрі отқа оранғанын анықтады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт 8 минут ішінде оқшауланып, 17:32-де толығымен жойылды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салайық, осы жылдың 7 айында Алматыда 388 өрт болған.
Сонымен қатар бүгін Таразда қасақана өртелген үйдің ішінде әйел көз жұмғанын жазған болатынбыз.