Алматыда мейрамхана өртенді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Медеу ауданында орналасқан «Чечил» мейрамханасы отқа оранды. 

Алматыда мейрамхана өртенді
Фото: Алматы қаласының ТЖД

«18 қазанда 21:50-де Алматы қаласының ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданы, Төлебаев 38 а мекенжайына жоғары дабыл бойынша жіберілді. Құтқарушылар екі қабатты мейрамхананың шатыры жанып жатқанын анықтады», - деп хабарлады департаменттен.

Келушілер мейрамханадан шығып үлгерді. 

Қазіргі уақытта газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Төтенше жағдай орнында 27 құтқарушы мен 8 техника жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі дәмханалардан шығатын түтін мәселесін қалай реттейтіні туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар