Алматыда монша кешенінің шатыры өртенді

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы қаласының Наурызбай ауданында, Жуалы көшесінде орналасқан бір қабатты монша кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

өрт
Фото: ТЖМ

Өрт 280 шаршы метр аумақты қамтыған, яғни кешеннің шатыры жанған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер дереу су көзіне қосылып, судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етті. Жедел және үйлесімді әрекеттің нәтижесінде оттың монша кешенінің басқа бөліктеріне, сондай-ақ жақын маңдағы тұрғын үй мен кафеге таралуына жол берілген жоқ.

Сонымен қатар, өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттың ішінен газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.

— Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, — делінген таратылған ақпаратта.

Бұдан бұрын Үшқоңыр тауларындағы ірі табиғи өрт сөндірілгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар