Алматыда өрт шыққан балалар үйінен 35 адам эвакуацияланды
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы әкімі Дархан Сатыбалды өрт шыққан «Перзент» жеке қайырымдылық балалар үйіне барды.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнынан 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
– Балалар қауіпсіз орындарға орналастырылды, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Оқиға орнында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды және қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары жүр.
– Қазіргі таңда уақытша орналастыру, тамақтандыру және материалдық қолдау шаралары қамтамасыз етіліп жатыр. Жағдай бақылауда, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
ТЖМ жалынның 1000 шаршы метр алаңда сөндірілгенін мәлімдеді.
Бұған дейін Алматыда балалар үйіндегі өрт оқшауланғанын жазғанбыз.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласында өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы Алтын орда көшесі бойында орналасқан ғимараттағы өртті сөндіріп жатқанын хабарлаған едік.