Алматыда өртеніп жатқан көпқабатты үйден 15 адам эвакуацияланды

Өрт
Фото: Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM –Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, құтқарушылар 15 адамды қауіпсіз жерге шығарды.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда Наурызбай ауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны хабарланды. 

«Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жау қоңырау түскен сәттен бастап 22 минут ішінде сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады», - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Алматыда шақыртуға келген жедел жәрдем қызметкерлерін үй иесі ұрып, пәтерінен шығармай қойғаны хабарланған еді. Фельдшер болған оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшаларда бөліскен болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар