22:36, 22 Қаңтар 2025 | GMT +5
Алматыда пайдалануға берілген тұрғын үйлер саны азайған
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда қолданысқа берілген тұрғын үйлер саны азайған.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, 2040 жылға дейінгі бекітілген Бас жоспарға сәйкес құрылыс тығыздығын төмендету және жасыл аймақтарды ұлғайту көзделіп отыр.
- Бас жоспарға байланысты 2024 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 10,3%-ға төмендеді. 2023 жылы 2,67 млн шаршы метр болса, 2024 жылы 2,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, Алматыда құрылыс салушылар үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдап кеткенін жазғанбыз.
Сондай-ақ Алматыда заңсыз салынған көпқабатты үй бұзылып жатқанын жазған едік.