14:32, 31 Қаңтар 2026 | GMT +5
Алматыда прокуратура ұлттық университет ғимаратының бір бөлігін мемлекетке қайтарды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы прокуратурасы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратының 208 шаршы метр бөлігі заңсыз жекешелендірілгенін анықтады.
Прокуратураның талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Сот актісі заңды күшіне енді.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы уәкілетті орган қайтарылған активке бағалау жүргізіп жатыр.
– Мемлекеттік мүлікті пайдалану және иеліктен шығарудың заңдылығын қадағалау, Алматы қаласы прокуратурасының жіті бақылауында, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін NNEF қоғамдық қоры Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) орналасқан ғимаратты өз еркімен және өтеусіз негізде мемлекеттік меншікке бергенін жазғанбыз.