Алматыда ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Оралда ұсталды

ОРАЛ. KAZINFORM — «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Орал қаласының аумағында полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 32 жастағы ер адамды қолға түсірді.

Преступление Қылмыс наручники задержания Кісен ұсталды МВД РК ҚР ІІМ
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған азамат ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы қаласы полиция департаменті тарапынан іздестірілген. 

Қылмыстық іс Алматы қаласы полиция департаментінде тіркелген.

— Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өңір аумағында 10–13 наурыз аралығында өткізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да интернет алаяқтар жәбірленушілерге 1,8 млрд теңге залал келтіргенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум