Алматыда Райымбек даңғылы жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады.Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, 5 шілде сағат 23:00 бастап 6 шілде таңғы сағат 08:00 дейін Райымбек даңғылының бойымен Ахрименко көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін екі бағытта көлік қозғалысы жартылай шектеледі.

Алматыда Райымбек даңғылы жабылады
Фото: Александр Павский/ Kazinform

— Уақытша шектеу жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында, 1983 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыржол учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі, — делінген хабарламада. 

Алматыда Райымбек даңғылы жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

Осыған дейін Алматыда Абай даңғылы мен Марков көшесі екі айға жабылатыны туралы жазғанбыз. 

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін қайта жаңарту жоспарланған. Бұл желілердің тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар